«Қазақстан – менің жүрегімде» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан – менің жүрегімде» атты концерт өтеді

09.01.2014
«Қазақстан – менің жүрегімде» атты концерт өтеді
«Қазақстан» құқықтық тәртіп әскерлерінің құрылғанына 22 жыл толуына орай 10 қаңтар күні ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің Ән-би ансамблі мен Орталық оркестрінің дәстүрлі VI гала концерті өтеді.
 
Осыған орай «Таңшолпан» бағдарламасына ҚР ІІМ Ішкі әскерлер бас қолбасшылығының Тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, полковник Қуаныш Әбілмәжінұлы мен ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің ән-би ансамблінің әншісі Естай Айтқұлов қонаққа келді.
 
«Жыл бойғы есеп ретінде дәстүрлі түрде өткізілетін концерт. Биыл алтыншы рет өткелі отыр. «Қазақстан – менің жүрегімде» атты концерт патриоттық әндер негізінде жасалған. Репертуарда кешегі аға буын өкілдерінің әндері, майдан әндері, бүгінгі әскери әндер бар»,-дейді олар.

Хабарламаларға жазылу