«Конгресс-Холл» сарайында «Жұлдыздар да айтысады» атты айтыс думаны өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Конгресс-Холл» сарайында «Жұлдыздар да айтысады» атты айтыс думаны өтеді

12.12.2014
«Конгресс-Холл» сарайында «Жұлдыздар да айтысады» атты айтыс думаны өтеді

5-18 желтоқсанда «АЛЖИР» мұражайында «Тәуелсіздік -еліміздің тірегі» бейнепанорамалық көрме өтеді.

Халық шығармашылығын сүйіп тыңдайтындар 13 желтоқсанда «Қазақстан» ОКЗ «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің концертін тамашалай алады.

15 желтоқсанда Қазақ халық аспаптары оркестрінің «Қазақтың мың күйі» атты концерті өтеді.

16 желтоқсанда «Қазақстан» ОКЗ көпшілік назарына Алтынай Жорабаеваның «Қазақстан, алға!» атты концерті өтеді.

14 және 17 желтоқсанда жаңа Оқушылар сарайында Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы және Н. Гогольдің «Ревизор» трагифарс жанрындағы қойылымы ұсынылады.

Сонымен қатар, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «Абылай ханның арманы» атты спектакль көрсетіледі.

14 желтоқсанда «Конгресс-Холл» сарайында «Жұлдыздар да айтысады» атты айтыс думаны, 17 желтоқсанда «Ән мен әнші» концерті өтеді.

16 желтоқсанда қалалық алаңда Астана қаласының жастарына, елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған би кеші ұйымдастырылады.

Шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу