Қазақстанда Қырғызстанның мәдениет күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Қырғызстанның мәдениет күндері басталды

27.10.2022

Қазақстанда Қырғызстанның мәдени күндері басталды. Осыған орай елордада бауырлас елдің киносы көрсетілді. Киносүйер қауым қырғыздың ең үздік фильмдерін тамашалады. Ал бүгін Ұлттық музейде «Бастау» көрмесі ашылады. Мұнда көрші елдегі шеберлердің туындылары қойылған. Сондай-ақ, апта бойы Астанада түрлі форум, дөңгелек үстел, концерттер өтпек.

Алтынбек Мақсұтов, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі:

28 қазанда «Манас» эпосына арналған іс-шара және мемлекеттік би ансамблі мен фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті жоспарланып отыр. 29 қазанда Қазақстандағы Қырғызстанның мәдени күндері жабылады. Онда Токтоболот Әбдімомынов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық драма театрының «Саманшын жолу» спектаклі көрсетіледі.


Хабарламаларға жазылу