Нұрлан Жұманиязов: Шоқан – үлкен мұхит - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Жұманиязов: Шоқан – үлкен мұхит

18.06.2015
Нұрлан Жұманиязов: Шоқан – үлкен мұхит

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында тұңғыш рет Шоқан Уәлихановтың бейнесі сахналанбақ. Осыған орай  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қоюшы-режиссер Нұрлан Жұманиязов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Шоқан – үлкен мұхит. Біз ол туралы үстіртін ғана білеміз. Бірақ, Шоқанның бейнесін алып шығуға ұжым болып тырыстық. Бұл қойылымда мен Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» деген туындысы мен Шота Уәлихановтың «Кадет Шоқан» шығармасын біріктірдім»,-дейді режиссер.

«Спектакльде Шоқанды Қуандық Қыстықбаев пен Ержан Нұрымбет бейнелейді. Ал, жас кезін Бауыржан Сұрапбаев, Жанат Оспанов сынды жас актерлер сомдайды. Қобалжу оларда да, менде де бар. Өзімдегі барымды бердім, мен енді әлсізбін. Ендігі салмақ – актерлерде. Көрермен қалай қабылдайды, осы актерлердің шеберлігіне байланысты».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу