Мұхит Тұрсынов - финалда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхит Тұрсынов - финалда

29.06.2014
Мұхит Тұрсынов - финалда
«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің жартылай финалында қызылордалық Руслан Әбдіразақов пен шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов  белдесті.
 
Естеріңізде болса, Руслан Әбдіразақов екінші айналымда «Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы Айбек Нұғымаровты жеңген. Ал бірінші айналымда Айдос Қаңлыбаевты, ширек финалда Дархан Жоламановты ұтты.
 
Ал Мұхит Тұрсынов бұған дейін «Қазақстан барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев пен Бекболат Салықовты жеңген еді. Ширек финалда турнирдің ең жас палуаны  Мейрамбек Жаңабайдан басым түсті.
 
Сонымен, жартылай финалда Мұхит Тұрсынов жеңіске жетті. Оның финалдағы қарсыласы – Асыл Бәрменов. 

Хабарламаларға жазылу