«Қазақстан Барысы-2015». Ақмола облысынан Нұрлан Жамалов пен Әсет Жүнісов қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы-2015». Ақмола облысынан Нұрлан Жамалов пен Әсет Жүнісов қатысады

01.07.2015
«Қазақстан Барысы-2015». Ақмола облысынан Нұрлан Жамалов пен Әсет Жүнісов қатысады

Жарыстың финалдық кезеңіне іріктеу сындары еліміздің барлық аймағында аяқталып, жүзден жүйрік мықты 33 палуан анықталған еді.

Енді еліміздің 14 облысы, Астана және Алматы қалаларынан топ жарған 32 палуан мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» атанған Мұхит Тұрсынов елорда төріндегі «Сарыарқа» республикалық велотрегінде күш сынасады.

Осы беделді жарысқа Ақмола облысынан Нұрлан Жамалов пен Әсет Жүнісов қатысады. 

1. Нұрлан Жамалов
Бүркеншік аты: Ақмола арланы
Туған жылы: 20 маусым 1986 ж.
Бойы: 188 см.
Салмағы: 96 келі
Спорттағы жетістіктері: Қазақ күресінен спорт шебері. Қазақ күресінен ҚР Халық ойындарының жеңімпазы (2011), қазақ күресінен ҚР Спартакиадасының қола жүлдегері (2011), қазақ күресінен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2008).
Бапкері: Бегім Жапаров

2. Әсет Жүнісов
Бүркеншік аты: Ақмола арыстаны
Туған жылы: 24 ақпан 1993 ж.
Бойы: 180 см.
Салмағы: 80 келі
Спорттағы жетістіктері: Қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер.
Қазақ күресінен Қ.Мұңайтпасов атындағы халықаралық турнирдің қола жүлдегері (2015).
Бапкері: Ерік Шөлімов

Хабарламаларға жазылу