Бейбіт Ыстыбаев Мұхит Тұрсыновтан жеңіліп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Ыстыбаев Мұхит Тұрсыновтан жеңіліп қалды

29.06.2014
Бейбіт Ыстыбаев Мұхит Тұрсыновтан жеңіліп қалды
«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің екінші айналымында Жамбыл облысының палуаны Бейбіт Ыстыбаев шығысқазақстандық Мұхит Тұрсыновпен белдесті.  Бейбіт бірінші айналымда Ақмола облысының палуаны Нұрлан Жамаловты жеңген еді.
 
Ал, Мұхит Тұрсынов Атырау облысынан келген  Бекболат Салықовпен кездесіп, жеңіске жетті.
 
«Тараз арланы» Бейбіт Ыстыбаев пен Мұхит Тұрсынов белдесуінде ШҚО палуаны басым түсті. 

Хабарламаларға жазылу