АҚШ әлемдегі ең үлкен мұхит қорығын салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ әлемдегі ең үлкен мұхит қорығын салады

26.09.2014
АҚШ әлемдегі ең үлкен мұхит қорығын салады

Қазіргі Тынық мұхит ауданындағы Гавай аралдары мен Америкалық Самоа аралығында орналасқан ұлттық мұхит саябағының аумағы алты есеге ұлғаятын болды.

Америка Құрама Штаттары Тынық мұхитта әлемдегі ең үлкен мұхит қорығын салмақ ниетте. Оның көлемі - 1,27 миллион  шаршы шақырым болады. Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама сәйкес құжаттарға қол қоюға шешім қабылдаған.

Америкалық әкімшіліктің жоспарынша, қазіргі Тынық мұхит ауданындағы Гавай аралдары мен Америкалық Самоа аралығында орналасқан ұлттық мұхит саябағының аумағы алты есеге ұлғаяды және қорық атағын алады.

Сондай-ақ,  мұнда балық аулауға, пайдалы қазбалар алуға тыйым салынған.

Фото: Jim Maragos

Хабарламаларға жазылу