«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі», дейді халық даналығы. Көрер жарығы бар пендені ажалдың өзі айналып өтеді. «Бәрі – бір ғана Жаратушының қолында», деп есептеген ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, «Құдайдың бұйрығынсыз қурай да сынбайды».
Қым-қуыт заманда апаттың да түрлері көбейіп барады. Табиғи апат бар, адам қолымен жасалатын апат бар. Соның салдарынан күнделікті өмірде кім-кімнің де аяқ астынан бәлеге ұшырауы әбден мүмкін. Қызметте, үйде, демалыс орындарында, транспортта, жазық далада...
Алайда, осы жайттардан бір тылсым күшімен аман қалған ғажап жандар да бар арамызда. Мұндайда қазақ «періштесі қақты», дейді.
Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарынан таңғажайып жағдайда аман қалған жандардың әңгімесін тыңдаңыздар.