Түркияда үйінді астынан тірі қалғандар табылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда үйінді астынан тірі қалғандар табылып жатыр

13.02.2023

Мына бейнекадрлар көрсетіп тұрғандай, Түркияда зілзаладан кейін бір апта уақыт өткенде қираған ғимараттар астынан аман қалғандар шығарылып жатыр. Газиантепте 163 сағат өткенде бір әйел құтқарылды. Жексенбіде Хатайда бір кішкентай қыз үйінді астынан шығарылды. Осы қалада құтқарушылар әкесі мен оның 11 жастағы қызын аман алып қалған. Ал бұған дейін елдің оңтүстігінде Хамза есімді жеті айлық сәби қиранды астынан шығарылғаны көрсетілді. Осындай ғажайыптардан кейін әлі де тірі адамдар табылады деген үміт басым.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу