Грекия жағалауында 450-ден астам мигрант қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия жағалауында 450-ден астам мигрант қаза тапты

21.04.2016
Грекия жағалауында 450-ден астам мигрант қаза тапты

Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымының ресми өкілі Джоэл Миллман хабарлады.

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, суға батқан кемеде 500 адам (куәлердің айтуынша) болған, оның 41-і құтқарылды.

Грекия жағалауында кеменің апатқа ұшырағаны туралы Каламар қаласына дейін жеткен мигранттар айтқан. Аман қалғандар арасында Сомали, Эфиопия, Судан тумалары бар. 

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу