Түркияда соңғы 24 сағатта үйінді астынан 67 адам тірі табылды
Түркияда соңғы 24 сағатта үйінді астынан 67 адам тірі табылған. Зілзаладан кейін 128 сағат өткенде 13 жастағы бала құтқарылды. Арда Джан Овун есімді жасөспірім Хатай қаласындағы қирандылар астынан шығарылды.
Ал Газиантепте жүкті әйел мен оның 7 жасар қызы 115 сағат бойы үйінді астында жатып аман қалған. Адыямандағы қирандылардан Месут есімді 10 жасар бала құтқарылды. Зілзаладан кейін 6 күн өтсе де жермен-жексен болған ғимараттар астынан аман қалғандар табылып жатыр. Түркияға 50 елден барған құтқарушылар іздеу жұмысын күні-түні тоқтатқан жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мордовияда қазақ мәдениеті дәріптелді
17.04.2026, 13:28
Астанада білім бәйгесі басталды
17.04.2026, 13:15
ЖИ-ге негізделген қазақтілді жобалар көбейіп келеді
17.04.2026, 13:12
Атырауда конституциялық реформаларды талқылады
17.04.2026, 13:09
Бизнесті тексеру азайды
17.04.2026, 13:06
Қазақстан әлемнің 48 елімен инвестицияларды қорғау бойынша келісімге келген
17.04.2026, 13:03
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
17.04.2026, 13:00
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
17.04.2026, 11:49