Түркияда 5 тәуліктен кейін үйінді астынан он күндік нәресте мен анасы құтқарылды
Зілзаладан кейін 5 тәулік өтсе де, үйінді астынан аман қалғандар табылып жатыр. Хатайда 100 сағатқа жуық уақыт үйіндінің астында жатқан он күндік нәресте мен оның анасы құтқарылды. Ал Диярбәкірде анасы мен ұлы тірі табылды. Германиядан барған құтқарушылар 104 сағат бойы үйінді астында жатқан әйелді шығарcа, Кахраманмарашта 4 жасар қыз аман қалды. Сондай-ақ Рейтер агенттігі Танем атты 8 жасар қыз бен әкесі табылған бейнекадрларды жариялады. Бір отбасының аман қалған 6 мүшесі де бүгін табылған. Ұзақ уақыт өтіп, күннің суық болғанына қарамастан Түркия мен Сирияда осындай ғажайыптар болып жатыр. Үмітін үзбеген құтқарушылар мен жоғалғандардың жақын-туыстары іздеу жұмыстарын күні-түні тоқтатқан жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Артемида-2» миссиясы: Айды игерудің жаңа дәуірі басталды
12.04.2026, 20:13
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала мерт болды
12.04.2026, 20:11
Балабақшаны ваучерлік қаржыландыру тиімді ме?
12.04.2026, 20:00
Интернет алаяқтық: Кең тараған схемалар мен сақтану жолдары қандай?
12.04.2026, 19:57
АҚШ-Иран: Келіссөз келісімсіз аяқталды ма?
12.04.2026, 19:56
Президент Құрылтай сайлауының тамызда өтетінін хабарлады
12.04.2026, 19:54
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары: Қандай шешімдер қабылданды?
12.04.2026, 19:50
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23