Ахмет Тоқтабай: Сабыр Рақымовтың өмірі мен қызметі әлі толық зерттеліп болған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахмет Тоқтабай: Сабыр Рақымовтың өмірі мен қызметі әлі толық зерттеліп болған жоқ

05.06.2015
Ахмет Тоқтабай: Сабыр Рақымовтың өмірі мен қызметі әлі толық зерттеліп болған жоқ

«Жалпы, Сабыр Рақымовтың өмірі мен қызметі әлі толық зерттеліп болған жоқ. Менің зерттеу тақырыбым – қазақ жылқысының тарихы болғандықтан,  атты әскермен шыққан қолбасшылар мен генералдардың өмірін зерттеп жүрмін.

Соған байланысты 1991 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласындағы мемлекеттік музейінде қызмет атқарғанда Сабыр Рақымовқа қатысты көптеген құжаттар барына көз жеткіздім. Онда батырдың араб қаріпімен ескіше және орыс тілінде жазған өмірбаяны, әйеліне жазған 4 хаты,  музейде сақталған жеке заттары бар».

«Бакудегі кавалериялық мектепте оқып жүргенде комсомол қатарына өткендегі билеті, партия билеті, 30-шы жылдары басмашылармен соғыс кезіндегі қылышы, генералдық мундирі, 1945 жылы 26 наурыз күні снаряд дәл жанына түсіп, қайтыс болған кездегі қолбасшылар киетін канадалық тоны сақталған. Сол тонның жағасына қатқан қаны әлі күнге дейін қошқыл  тартып тұр»,-дейді ғалым.

«Сабыр Рақымов Кеңес  әскерінің Жоғарғы бас қолбасшыларының құрамында болған. Үлкен маршал, генералдармен қоян-қолтық араласып, соғыс операцияларын жүргізген. Сол кісілердің Сабыр туралы жазған естеліктері бар. Мысалы, армия генералы Батов, армия генералы Фидулинскийлер естелік  қалдырған».

Батыр туралы басқа да маңызды ақпараттармен қаныққыңыз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу