«Астана кештері» IV халықаралық өнер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана кештері» IV халықаралық өнер фестивалі өтеді

01.06.2015
«Астана кештері» IV халықаралық өнер фестивалі өтеді

4 - 6 маусым  күндері «Астана кештері» IV халықаралық өнер фестивалі өтеді. Фестиваль «Дегдар» ГҚ Қамқорлық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаеваның бастамасымен өткізіледі.

Дариға Нұрсұлтанқызы бірінші фестивальді өзі концерт беріп ашқан еді. 2012-2013 жылдардағы фестивальдерді есімі әлемге әйгілі музыкатанушы Святослав Бэлза жүргізді. Жоба концерттерінің біріне Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев келді.

Фестиваль сахнасында халықтық, классикалық, эстрадалық музыка орындаушылары өнер көрсетті. «Астана кештерінде» Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі, Айман Мұсахожаева, ресейлік «Кватро» квартеті, Лариса Долина, әзірбайжан мугама ансамбльдері және т.б. концерт берді.

Қайырымдылық жобасы болғандықтан, билеттер  жыл сайын тегін таратылады. Фестивальдің мақсаты – жұртшылықты әлем жауһарларымен сусындауға шақыру.

Фестиваль кестесі:

4 маусым, 19:00 «Астана Опера» (басты зал)

Дариға Назарбаеваның концерті «Вечер оперетты»

Қатысушылар:

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Андрей Трегубенко,

Башқұртстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова,

Халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Байнеш

«Астана Опера» театрының хоры, балеті, оркестрі

дирижер Константин Хватынец (Мәскеу)

«Vivat» шоу балеті

Алексей Велижанинның шоу балеті

Бағдарламада – оперетталардан, мюзиклдерден үзінділер беріледі.

5 маусым 19.00 «Астана Опера» (камералық зал)

Классикалық музыка кеші

Қатысушылар:

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев (пианино),

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Дәуірбаева,

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов,

Халықаралық байқаулардың лауреаты Арман Тілеубергенов

Бағдарламада – әлемдік вокал мен фортепиано музыкаларының жауһарлары  халық назарына ұсынылмақ.

6 маусым 18.30 Келісім және Бейбітшілік сарайы

Заманауи хореография кеші

Қатысушылар:

«Астана Опера» театрының балет солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Мәдина Басбаева, Таир Гатауов, Әйгерім Бекетаева, Анель Рустемова, солистер Досжан Табылды, Эльдар Сәрсембаев, Жәнібек Иманқұлов.

Бағдарламада – көптеген халықаралық фестивальдер мен байқаулардың жүлдесіне іліккен хореографиялық композициялар.

Хабарламаларға жазылу