Астана күніне орай III халықаралық «Астана кештері» өнер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана күніне орай III халықаралық «Астана кештері» өнер фестивалі өтеді

03.06.2014
Астана күніне орай III халықаралық «Астана кештері» өнер фестивалі өтеді
20-22 маусымда Дариға Назарбаеваның қамқорлығымен және бастамасымен Астанада қала күніне орайластырылған фестиваль өтеді.
 III халықаралық «Астана кештері» өнер фестивалі аясында ұйымдастырылатын үш концертте Қазақстан, Ресей, Әзербайжан мен Италияның белгілі әншілері өнер көрсетеді.
Атап айтқанда, Лариса Долина, Олег Погудин және Нино Лежава. Концерттер life форматында өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль тұрғындардың түрлі әлеуметтік топтарының әлемдік музыка жауһаларымен  сусындауына бағытталған. «Астана кештері» - қайырымдылық шара және билеттер тегін таратылады.

Хабарламаларға жазылу