Бүгін «Астана кештері» IV халықаралық өнер фестивалінің екінші күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Астана кештері» IV халықаралық өнер фестивалінің екінші күні

05.06.2015
Бүгін «Астана кештері» IV халықаралық өнер фестивалінің екінші күні

4-6 маусым аралығында «Астана кештері» IV халықаралық өнер фестивалі өтуде. Фестиваль «Дегдар» ГҚ Қамқорлық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаеваның бастамасымен ұйымдастырылған.

Фестивальдің 5 маусым күнгі бағдарламасы «Астана Опера» театрының  камералық залында өтеді.

Классикалық музыка кешіне ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Дәуірбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев (пианино), Халықаралық байқаулардың лауреаты Арман Тілеубергенов қатысады.

Бағдарламада – әлемдік вокал мен фортепиано музыкаларының жауһарлары көрермендер  назарына ұсынылмақ.

Басталуы: 19:00-де.

Хабарламаларға жазылу