Бүгін Астанадағы «Аружан» сауда ойын-сауық орталығында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтеді.
Игілікті шарада Қазақстан эстрада жұлдыздары, сиқыршылар мен Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің талантты тәрбиленушілері өнер көрсетеді.
Акция аясында «Болашақ біздің қолымызда» атты жерге сурет салу байқауы, флешмобтар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балалар үйінің түлектері сурет галереясын ұсынады.
Айта кетейік, наурыз айында Қазақстан кәсіподағының 110 жылдығына орай кәсіподақ жастарының ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын басталды. Шара мақсаты - ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың жүрегіне жылу ұялатып, жүздеріне күлкі сыйлап қана қоймай, шығармашылық байланыс орнату.