Басты Жаңалықтар Тұрғын үй аумағында көлікті жөн-жосықсыз қоятындарға рейд басталды

Тұрғын үй аумағында көлікті жөн-жосықсыз қоятындарға рейд басталды

Астанадағы көлік автотұрақтарындағы тәртіпті қадағалау үшін рейд жүргізіліп жатыр. Өйткені, жүргізушілер көліігін өзгелерге бөгет болар жерге қойып кету фактісі көбейген. 3 баланың өмірін қиған қайғылы оқиғада да көліктің өрт сөндірушілердің аулаға кіруіне бөгет болғаны белгілі.
Полицейлер көше мен ауланы аралап, ереже бұзғандарды анықтап жатыр. Мынау көлік, тұрғын үйге кіретін жолды бөгеп тұр. Иесі айыппұл арқалады. Жыл басынан бері 50 мыңға жуық осындай ереже бұзушылық анықталған.
Махамбет Төлешов, полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

Заңсыз тұрақтар бойынша жауапкершілікке тартылған жүргізушілер бар, одан бөлек тұрғындармен прафилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін көпшілік өрт сөндірушілерге бөгет болған көлік иесін кінәләп жатыр. Бірақ, мәселенің өзегі одан әрі, тереңде жатыр. Бір-біріне жабыстырып, қабыстырып салынып жатқан тұрғын үйлердің маңайында көлік қозғалысы қиындап тұр.
Міне, мен адымдап көрсеттім, бұл екі үйдің арасы 7 метр ғана. Негізі ереже бойынша егер тұрғын үйдің биіктігі 4 қабаттан аса келесі ғимарат пен арасы кемі 20 метр болу керек. Бірақ, осы жағдайда көріп тұрсыздар мына тұрғын үйлердің биіктігі 4 емес, 14 қабаттан да асып тұр.
Әсел Рахметова, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы:
Автотұрақ салу талабы ол тұрғын үйдің санатына байланысты. Яғни 1 санатқа әр пәтерге 2 автотұрақ орны. 2 санаттағы үйлерге әр пәтерге 1 автотұрақ орны.3-4 санаттағы үйлерге екі пәтерге бір автотұрақ орны, ал 5 ші санаттағы тұрғын үйлерге автотұрақ қарастырылмаған.
Ал, астаналық тұрғын Раухат Мухаров ауласында ұлтарақтай бос жер бар еді, соған да тұрғын үй салғалы жатыр деп арнамызға хабарласты.
Раухат Мухаров, тұрғын: 
Кешке қарай адамдар көлігімен үйді айналып, тұрақ таппай жүреді. Өзі тар жер. Енді мені, мынау 22 сотық жерге 16 қабаттық тұрғын үй салайын деп жатыр. Біз тұрғындар бұған қарсымыз. Онсыз да қозғалыс қиын.
Депутат Нартай Сәрсенғалиев бұл мәселені көтеріп, заңды күшейту керектігін айтқан мәжілісмендердің бірі.
Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Құрылысты қабылдап талар кезде төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қабылдайтын комиссияның ішінде болмай қалған жағдаяттар бар. Олардың барлығы қосылу керек дедік. неге, өйткені, кешегіндей апат болған кезде ТЖ қызметкерлері кешегіндей пандусқа шыға алмайтын болса, тұрақ жетпейтін болса, ондай құрылысты қабылдамас еді. Көрдіңіз бе, кімнен сұрарын, кімнен талап етерін білмей қалды қоғам.
Қорыта айтқанда, өрт сөндірушілерге жол бермейтін көліктермен күрес жалғасады. Алдағы күндері заңсыз құрылысқа жол бергендер анықталса игі. Мәселенің тамыры сонда жатыр.




Бөлісу