ШҚО-да Altay Busіness форумы өтті
Шығыс Қазақстан облысында қазір 850 миллиард теңгенің инвеститциялық жобасы жүзеге асып жатыр. Нәтижесінде өңір шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткші бойынша еліміздегі алғашқы бестікке кіреді. Бұл саладан түскен табыс аймақ экономикасының 25 пайызын құрайды. Облыста 38 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысанында 160 мың адам еңбек етеді. Бүгін Өскеменде өткен Altay Business форумында билік пен бизнес өкілдері саланы дамыту мәселесін талқылады. Бизнес сарапшылар ұсыныс, пікірлерін айтты. Жалпы шығыста соңғы 2-3 жылда «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жүздеген жоба жүзеге асты. Туризм, омарташылық, ауыл шаруашылығы саласында өнім өңдеуге және қолөнер бұйымын жасау үшін жеңілдетілген несие мен грант берілді. Ал құжат рәсімдеу айтарлықтай оңтайландырылды. Бұл өңірдің экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік дамуына серпін береді.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
Біздің міндетіміз бұл серіктес болу. Түсінікті, әрі ашық жағдай жасау. Әкімшілік кедергілерді азайту. Жобаларды сүйемелдеу және бастамаларды қолдау. Соңғы жылдары біз әкімшілік рәсімдерді 62 пайыздан жоғары қысқарттық. Бизнес үшін негізгі процестерді айтарлықтай жеңілдетіп жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей кәсіпкерлікті қолдаудың, қолданыстағы шаралары жаңа экономикалық міндеттерін ескере отырып қайта қарауды талап етеді.
Гүлбарам Көксегенова, кәсіпкер:
Мен 2021 жылы 584 мың грант ұттым. Содан бері демеуші болмаса да өзім осылай ісімді жалғап келе жатырмын. Осындай көрмелерге қатысып жүрмін. Бұл менің хоббиім болатын. Бала кезімнен тігінді жақсы көрем. Мен ары қарай үйде отырғым келмейді. Үйде отырған кезде осымен айналысам.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы