Атырауда білім ордасында экологиялық орталық ашылды
Атырау қаласындағы білім ордасында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «EcoLab» экологиялық орталық ашылды. Онда оқушылар қалдықтарды сұрыптау, ресурстарды үнемдеу және табиғатты қорғау бағытында тәжірибелік жұмыстар жүргізе алады. Сонымен қатар «Біз - табиғат жанашырымыз!» және «Менің үстелімдегі жанартау» тақырыптарында танымдық сабақтар ұйымдастырылды. Іс-шара соңында бес отбасы «Отбасымызбен тал егеміз» акциясына қатысып, мектеп ауласына көшет отырғызды.
Гүлайым Телеубаева, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
Бұдан басқа экологиялық сағаттар өткізіліп отырады. Негізгі мақсаты – су ресурстарын тиімді пайдалану, қалдықтарды бөлу, кәдеге жарату оларды сұрыптау, энергия көзін тиімді пайдалану. Былайша айтқанда, экологиялық мәдениет тек қана мектеп жасында емес, балабақшадан бастап мектеп қабырғасында жалғасу керек.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16
Almaty SuperSki жобасына қызығушылық жоғары
09.10.2026, 20:16