«SuperStar KZ»: Үміткерлерді іріктеу жалғасып жатыр
Талай жастың жұлдызын жаққан «SuperStar KZ» мега жобасына іріктеу жалғасып жатыр.
Ел аралап, талант илерін іздеген шығармашылық топ бүгін Қостанай қаласында. Бағын сынап көрмекке барлығы жүзден астам үміткер келген. Олардың қатарында шалғай ауыл-аймақтан арнайы келген жастар да бар.
Айым Махмұт, үміткер:
Мен Әулиекөл ауданынан келдім. Француз тіліндегі Voila әнін орындаймын. «SuperStar KZ» жобасына келдім және оған мен лайықпын деп ойлаймын. Әр адам еш қобалжымай, өзіне сеніп, бағын сынап көру керек.
Жобаға 16 мен 25 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады. Шымкент қаласында басталған іріктеу 5 өңірде өтті. Енді мегажоба мамандары Астана, Қызылорда және Алматы қалаларына жол тартпақ. Ал онлайн кастингке өтініштер @superstarkz Telegram арнасы арқылы қабылданады.
Дәурен Еркінұлы, үміткер:
Вокалмен кәсіби түрде айналысамын. Өзіммен укулеле аспабын әкелдім. Кілемгер атты әншінің «Жан Ақтау» әнін айтамын. Көңіл күйім өте жақсы. Бұл менің қолымнан келеді деп ойлаймын.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21