«AMANAT» партиясы жаңа жоба бастады
Ауыл әкімдері, мәслихат депутаттары мен партия өкілдері арнайы даярлықтан өтеді. «AMANAT» партиясы қолға алған жаңа жоба аясында олар ұжымды тиімді басқару, стратегиялық ойлау дағдыларын күшейтеді. Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде партияның кадрлық резерві құрылып, мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметте бәсекеге қабілетті көшбасшылар іріктеледі. Жаңа жобаны таныстыруға арналған жиын өтті. Оған мемлекеттік органдар мен академиялық қауымдастық өкілдері, сондай-ақ партияның өңірлік филиалдарының қызметкерлері қатысты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:
Мемлекет басшысы «Алған дипломың өмір бойы азық болады» деген түсініктің ескіргенін, оның орын «Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида басқанын үнемі айтып жүр. Оның үстіне, жаңа Конституцияда адами капиталды дамыту, білім мен ғылым стратегиялық басымдық ретінде бекітілді. Сондықтан осы бағдарды басшылыққа алған «AMANAT» партиясы бүгін жергілікті кадрларды оқыту бағдарламасын бастап отыр.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04