Мартин Мюррей: Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мартин Мюррей: Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізбейді

26.05.2015
Мартин Мюррей: Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізбейді

Британиялық танымал боксшы Мартин Мюррейдің пкірінше кіші Флойд МейвезерГеннадий Головкинге қарсы рингке шықпайды. Бұл туралы ол Boxing Scene басылымына берген сұхбатында мәлімдеген.

«Флойд әрбір боксшыны жекпе-жекке шақырар алдында, қарсыласының күшті және әлсіз тұстарын бақылап, жеңіске жететініне сенімді болса ғана рингке шақырады. Сол себепті, мен Флойдтың Головкинмен рингке шығатынын елестете алмаймын. Себебі, Мейвезер карьерасының соңында тәуекелге барып, қауіпті қарсыласпен жұдырықтаспайды. Сондай-ақ, боксшылар екі түрлі салмақ дәрежесінде болғандықтан,Головкин – Мейвезер жекпе-жегінің өту мүмкіндігі өте төмен», - дейді 32 жастағы Мартин Мюррей. 

Айта кетейiк, 21 ақпан күні Монакода өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин британиялық боксшы Мартин Мюррейді 11 раундта нокаутпен ұтқан болатын.

Хабарламаларға жазылу