Басты Жаңалықтар Мартин Мюррей: Головкин – шебер

Мартин Мюррей: Головкин – шебер

Мартин Мюррей: Головкин – шебер

Британиялық боксшы Мартин Мюррей қазақстандық спортшы Геннадий Головкинмен өткiзген жекпе-жекке қатысты пiкiр білдірді.

«Мен толыққанды жекпе-жек өткiзбек болғанмын, бiрақ, Геннадий тым күштi болып шықты. Ол – шебер. Мен қолымнан келгеннiң барлығын iстедiм, алайда, еш нәтиже болмады. Головкин өз жеңiсiне лайық еңбек еттi», - дедi боксшы.

Айта кетейiк, Монакода өткен жекпе-жек 11 раундқа созылды. Алайда, Головкин қарсыласына еш мүмкіндік бермей, нокаутқа түсірді. Сонымен қатар, Головкин Мюррейді үш рет нокдаунға жіберді.

Бөлісу