Головкиннен ұтылған Кертис Стивенс жекпе-жекке шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкиннен ұтылған Кертис Стивенс жекпе-жекке шығады

24.01.2014
Головкиннен ұтылған Кертис Стивенс жекпе-жекке шығады

2013 жылдың 3 қарашасында WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкинмен жекпе-жекте техникалық нокаутпен ұтылған америкалық Кертис Стивенс рингке қайтып оралды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлауда.

Стивенстің бұл жолғы қарсыласы - польшалық Патрик Маевский. Жекпе-жек бүгін өтеді деп жоспарланған.

Головкинмен жұдырықтасқан Стивенс қазақстандықтың соққыларына 8 раунд қана төтеп бере алған еді.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 1 ақпан күні ганалық Осумана Адамамен кездеседі. Бұл жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу