Лара Головкинмен жұдырықтасу үшін салмақ қосуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лара Головкинмен жұдырықтасу үшін салмақ қосуға дайын

14.03.2014
Лара Головкинмен жұдырықтасу үшін салмақ қосуға дайын
Кубалық боксшы Эрисланди Лара Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін салмақ қосуға дайын деп хабарлайды, Gorodokboxing.com.
 
Бұған дейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) кубалық боксшыға орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын берді. 
 
«Мен WBA қабылдаған шешімге ризамын. Мен ешқашан жеңіл жолмен жүрмедім. Ұсыныс жасаған боксшылардың барлығымен жұдырықтастым. Өмір бойы чемпион атану үшін еңбек еттім, енді менің арманым орындалды», - деп мәлімдеді ол.
 
Эрисланди Лара өз күшіне сенімді екенін айта отырып, Флойд Мейвезер, Сауль Альварес және Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін салмағын көтеруге дайын екенін жеткізді.
 
Мамырдың 3-де Лара чемпиондық атағын қорғайды. Оның қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы Ише Смита (25-6, 11 КО). Бұған дейін Геннадий Головкин де қызықты жекпе-жек үшін салмақ ауыстыруға дайын екенін мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу