Мигель Коттоның промоутері Геннадий Головкиннің ұсынысын кері қайтарды

31.07.2014
Мигель Коттоның промоутері Геннадий Головкиннің ұсынысын кері қайтарды

WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Мигель Коттоның промоутері Боб Арум қазақстандық боксшы, WBA және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға сескеніп отыр.

«Ең алдымен Котто жекпе-жекке кіммен шығатынын өзі шешеді. Бірақ меніңше, Сауль Альвареспен болатын кездесу Головкинге қарағанда қызықтырақ болатын секілді. Геннадий Головкин мен промоутері Том Леффлерді құрметтеймін. Головкин ұлы боксшы екенін де теріске шығармаймын. Дегенмен, мен осы жекпе-жек қанша көрермен жинайтынын білмеймін», - деді Боб Арум.

Арум Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы өткен жекпе-жектегі көрермендер санының аздығын алға тартып отыр. HBO телеарнасының мәліметтеріне қарағанда, аталмыш кездесуді 984 000 көрермен тамашалаған.

Бұл көрсеткіш 2013 жылы Геннадий Головкин мен Кертис Стивенспен арасындағы жекпе-жектен әлдеқайда кем. Ол кездесуді 1 400 000 көрермен тамашалаған болатын.

Хабарламаларға жазылу