Головкин мен Монро жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен Монро жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

12.05.2015
Головкин мен Монро жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Геннадий Головкиннің таразыдағы салмағы 165 фунтты (74,8 келі) көрсетті. Ал, Монро алдын ала екі өлшенуден бас тартқан.

Сондықтан егер ол Г.Головкинді жеңсе, Мигель Коттоға қарсы өткізілетін жекпе-жекке міндетті үміткер болмайды. Ал, WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпионының атағы бос болып қала береді.

Осыған қарамастан, Бүкіләлемдік бокс кеңесі барлық медициналық және сақтандыру шығындарын өтейді, өйткені АҚШ боксшысы ұйымның титулдық жекпе-жегіне қатысады.

Еске сала кетейік, Головкин мен Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамыр күні Лос-Анджелес қаласындағы жаңартылған «Форум» аренасында өтеді. Ал, қазақстандық көрермендер жекпе-жекті 17 мамырда сағат таңғы 07:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу