Г.Головкин мен кіші В.Монро арасындағы жекпе-жек Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Г.Головкин мен кіші В.Монро арасындағы жекпе-жек Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді

12.05.2015
Г.Головкин мен кіші В.Монро арасындағы жекпе-жек Лос-Анджелестегі  «Форум» аренасында өтеді

Бокстан WBA, IBO және WBC санаттары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Ол 16 мамыр күні кезекті қарсыласы америкалық кіші Вилли Монромен кездеседі.

Шаршы алаңдағы жекпе-жек Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді. Кездесуде Головкин өзінің WBA және IBO титулын қорғайды.

Қазақстандық көрермендер жекпе-жекті 17 мамырда таңғы сағат 07:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ 

Хабарламаларға жазылу