Қанат Ислам мен Хуан де Анхель жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам мен Хуан де Анхель жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті (ФОТО)

08.05.2016
Қанат Ислам мен Хуан де Анхель жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті (ФОТО)

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам колумбиялық Хуан де Анхельмен жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Қ.Исламның салмағы 69,8 келіні көрсетсе, Х.Анхель 69,3 келі болды. Осыдан кейін қазақстандық спортшы өз оймен бөлісті.

«Бәрі ойдағыдай өтті, көңіл-күйім тамаша. Жекпе-жекті тағатсыздана күтудемін. Қарсыласым мықты және тәжірибелі боксшы. Жеңіл кездесу болмайтыны анық.

Бұл менің Майамидегі үшінші рет ринг төріне шығуым. Аллаға шүкір, бәрі өз жолымен келе жатыр. Ең басты мақсатым – халқыма, көрермендеріме қызықты бокс кешін сыйлау. Елімнің үмітін ақтау үшін жеңіске барымды салып сенімді ақтауға тырысамын», - деді Қ.Ислам.

Айта кетейік, Қ.Исламның жекпе-жегін 9-шы мамыр күні сағат 07:00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу