Головкин мен Уэйд жекпе-жектен 1 апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен Уэйд жекпе-жектен 1 апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

18.04.2016
Головкин мен Уэйд жекпе-жектен 1 апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) жекпе-жектен 1 апта алдыңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Геннадий Головкиннің салмағы 164 фунт (74.4 келі), ал, Уэйдтің салмағы – 166 фунт (75.3 келі) болды. Бір ай бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінде де Геннадий Головкин 164 фунт (74.4 келі) шыққан еді.

Айта кетейік, 24 сәуір күні өтетін Геннадий Головкин-Доминик Уэйд жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу