Головкин соңғы салмақ өлшеу рәсімінде Бруктен жеңіл болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин соңғы салмақ өлшеу рәсімінде Бруктен жеңіл болып шықты

10.09.2016
Головкин соңғы салмақ өлшеу рәсімінде Бруктен жеңіл болып шықты

Қазақстандық Геннадий Головкин мен оның қарсыласы британдық Келл Брук айқас алдындағы өлшеу рәсімінен өтті.

Головкиннің салмағы  158.8 фунт  (72 келі), Келл Бруктың салмағы 159.4 фунт  (72.3 келі) тартты.   Екі боксшы да орта салмақ лимитіне жатады  (160 фунтқа дейін).

Бұдан бұрын британдық БАҚ  Головкиннің өңі жайсыз көрінетінін жазған болатын. Головкин - Брук айқасы 10 қыркүйекте  Лондонда «О2-Аренасында» өтеді.

Астана жанкүйерлері жекпе-жекті «Қазмедиа орталығында» тікелей эфирден көре алады. Көрсетілім 23.00-де басталады, кіру тегін. Боксты күллі Қазақстаннан жүздеген мың жанкүйер тамашалайды деп күтілуде.

Жекпе-жектің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 11 қыркүйек күні 9:50-де және 12 қыркүйек күні 00:35-те тамашалай аласыздар. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан қайталаулар 11 қыркүйек күні 10:00 мен 15:00-де болады.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу