«Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» айтысын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» айтысын көріңіз

11.05.2015
«Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» айтысын көріңіз

Миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқас – II Дүниежүзілік соғыс  ешқашан ұмытылмақ емес. Бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған жауынгерлердің  ерлігін  ұрпақ жадында мәңгі қалдыру – азаматтық борышымыз.

«Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» атты республикалық ақындар айтысының негізгі мақсаты – соғыс шежіресін зерттеп, тарих ақтаңдақтары мен майдангер аталарымыздың өмірінен сыр шерту.

Сөзден маржан терген дүлдүлдер Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен қатар, ел Тәуелсіздігі, экономикалық жетістіктер, мәдениет, руханият, халық бірлігі, татулық және т.б. тақырыптарды қозғайды.

Еркебұлан Қайназаров, Айсәуле Бейсехан, Серікзат Дүйсенғазин, Әсем Ережеқызы, Мейірбек Сұлтанхан, Ершат Қайболдин, Аян Сейітов, Марат Ахметов, Нартай Тілеухан, Бекарыс Шойбеков және басқа да айтыскер ақындар  қатысқан айтыстың 2-бөлімін  бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:00-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу