Бурабайда велосипед теуіп жүрген жасөспірім ағашқа соғылып, көз жұмды
Бурабай курорттық аймағында велосипед теуіп жүрген 16 жастағы жасөспірім ағашқа соғылып, көз жұмды. Ол демалыс орнына сыныптастарымен бірге Астана қаласынан келгені анықталды. Кейін жалға велосипед алып, серуенге шыққан. Полицейлердің мәліметінше, жасөспірім жардан түсіп келе жатқан кезде рөлге ие бола алмай, қатты екпінмен ағашқа соғылған. Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты. Қазір қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгіннен бастап «Руың кім?» фильмі көрерменге жол тартты
11.12.2025, 10:36
Қазақстандық музыканттар Бельгияда флешмоб ұйымдастырды
11.12.2025, 10:35
Үкімет педагогтарды даярлау ісіне бақылауды күшейтеді
11.12.2025, 10:34
Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды
11.12.2025, 10:33
Елімізде мыңнан астам шаруа ерте қаржыландыруға өтінім берді
11.12.2025, 10:32
Ақтөбе облысында көпірге жасалған жөндеу жұмысы сапасыз жүргізілген
11.12.2025, 10:31
Өзбекстанда тандыр бұзуға пәрмен бергендер сөгіс алды
11.12.2025, 10:29
Марокконың Фес қаласында екі ғимарат құлап, кемінде 22 адам қаза тапты
11.12.2025, 10:28