Қазақ радиосы Астанадағы мектеп оқушылары арасында радиобайқау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосы Астанадағы мектеп оқушылары арасында радиобайқау өткізді

24.05.2014
Қазақ радиосы Астанадағы мектеп оқушылары арасында радиобайқау өткізді
«Ерлік ұрпаққа ұран». Осындай атаумен Қазақ радиосы Астанадағы мектеп оқушылары арасында радиобайқау өткізді. Қала бойынша сайысқа қазақ, орыс мектептерінен Жеңіс, отансүйгіштік тақырыбында жалпы саны 100-ден астам шығарма келіп түсті.
 
Жүзден жүйрік шыққан таңдаулы 10 шығарма алдағы уақытта www.kazradio.kz сайтына еңгізіліп, Қазақ радиосының әуе толқынынан берілетін болады.
 
Ал, бүгін елордада осы шығарма авторлары марапатталды. Мақсаты – Отан үшін от кешкен батыр бабаларымызды ұлықтау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
 
 
Шараға мұрындық болған «Жеті ойыншық» құрастырмалы ұлттық балалар ойыншықтарының авторы Сәкен Болысов: «Шараның келешек ұрпаққа берер пайдасы мол», - дейді.
 
«Әр баланың шығармасында үлкен ой жатыр. Осыны көре отырып, болашағымыздың жарқын болатынына кәміл сенемін», - деп атап өтті Сәкен Болысов.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу