Атырау қаласында «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс» атты республикалық ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау қаласында «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс» атты республикалық ақындар айтысы өтті

03.05.2015
Атырау қаласында «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс» атты республикалық ақындар айтысы өтті

«Нұр Отан» партиясы және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Іс-шараға  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұханбетов, ардагерлер, қала тұрғындары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Айтыс 2 күнге жалғасты.

Айтыскерлердің өнерін Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев, ақын Жанарбек Әшімжан бастаған қазылар алқасы бағалады.

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені алматылық Болатбек Оразбаев жеңіп алды.

1 орын  қарағандылық Мақсат Ахановқа, 2 орын оңтүстік қазақстандық  Бекарыс Шойбеков пен атыраулық Шалқарбай Ізбасаровқа бұйырды.

3 орынды батыс қазақстандық  Бауыржан Халиолла және астаналық Еркебұлан Қайназаров пен Мейірбек Сұлтанхан иеленді.

Хабарламаларға жазылу