«Бірлік пен берекенің жерұйығы» айтысын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірлік пен берекенің жерұйығы» айтысын көріңіз

23.03.2015
«Бірлік пен берекенің жерұйығы» айтысын көріңіз

Ұрпаққа ұлы мұра болып қалған қасиетті сөз өнерінің биік шыңы – айтыс өнері. Сахна төріне шығып, қарсыласымен сөз сайыстырып, алғырлық таныту, табан астында суырып-салу және тауып айту нағыз дүлдүлге ғана тән қасиет. Сонымен қатар, әртістік шеберлік пен тапқырлық қабілет те айтыскер ақынға аса қажет.

Көкшетауда Ассамблея жылына арналған «Бірлік пен берекенің жерұйығы» атты халықаралық ақындар айтысы  «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілген еді.

Ел бірлігі мен татулық жырға қосылған айтыста Арман Бердалин, Әлібек Серғалиев, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанхан, Иранғайып Күзенбаев, Нұрмақ Мансұров, Болатбек Оразбаев, Марат Ахметов, Айбек Қалиев, Мақсат Аханов, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Ержан Әміров және Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия мемлекетінен келген дүлдүлдер өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.  

Бүгін сол айтысты Ұлттық арнадан сағат 13.30-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу