«Астаналық цирк» ұжымы ардагерлерге арнап салтанатты кеш ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астаналық цирк» ұжымы ардагерлерге арнап салтанатты кеш ұйымдастырды

10.05.2017

«Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат». «Астаналық цирк» ұжымы  ардагерлерге арнап салтанатты кеш ұйымдастырды. Жеңіс мерекесіне орай қаладағы қарт майдангерлер мен олардың отбасын өнер ордасына шақырып, арнайы қойылым ұсынды. Бүгінде өнер ұжымының репертуарында әуе акробаттары мен клоундардың, үй жануарлары мен түз тағыларының қатысуымен өтетін керемет қойылымдар бар. Цирк әртістері айына бір рет көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнап, осындай тегін концерт ұйымдастырып тұрады. Олардың өнеріне кішкентай көрермендер ғана емес, үлкендер жағы да тәнті болды. 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу