«Балалы үй – базар...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балалы үй – базар...»

07.10.2014
«Балалы үй – базар...»

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән береді. Содан кейін болар «Баланы жастан», «Қызға қырық үйден тыйым», «Атаның емес, адамның ұлы бол» сынды тәрбиелік маңызы жоғары нақыл қалдырған. Қазақ ұрпағын жаман әдеттен тия отырып, бар жақсы қасиетке үйреткен.

Көпбалалы отбасында  тәрбие алған балалар бір-біріне бауырмал келеді. Елбасы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында:  «Қазақ отбасының көпбалалы болуы, үлкенге сыйлы, кішіге ілтипатты болу қасиеттерін кейінгі ұрпаққа жалғастыруды кеңінен насихаттау» керектігін айтқан-ды.

Бүгінгі қоғамда көпбалалы отбасылар бар ма? Олардың әлеуметтік жағдайы қандай? Көпбалалы анаға мемлекет тарапынан  қандай жәрдем көрсетіледі?

Бүгін 21.05-те үбірлі-шүбірлі болған жанұялар туралы «Айтуға оңайдан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу