Марат Қойлыбаев: Бүгінгі жастар бейбіт күннің батырлары болсын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Қойлыбаев: Бүгінгі жастар бейбіт күннің батырлары болсын

07.05.2015
Марат Қойлыбаев: Бүгінгі жастар бейбіт күннің батырлары болсын

Отан қорғаушылар күніне орай Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған ардагерлер: «Біздің елдің дамуы жолында, жастар тәрбиесіне қосқан кішкене үлесімізге осынша жоғары марапат беріп жатқаны – біз үшін мәртебе»,-дейді.

«Бүгінгі жастар біз сияқты соғысты көрмесін, бейбіт күннің батырлары болсын. Ақтөбеде «Ербақыт» спорттық-патриоттық клубымыз бар. Онда жастарды спортқа, отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелейміз.

Сол клубтың әнұранында

«Соғыс бұлты төнбесін,

Жастар зұлым көрмесін,

Бейбіт күнде биіктен

Жеңіс төрін бермесін», деген жолдар бар. Сол сияқты, бүгінгі тілек – бейбіт заман болсын»,-дейді Ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу