Бейбіт күннің батырлары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт күннің батырлары марапатталды

20.01.2016
Бейбіт күннің батырлары марапатталды
Ерлік көрсеткен атыраулық екі оқушыға «Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін» медалі табысталды.

Бейбіт күннің батырлары. Адамды өлімнен арашалаған атыраулық мектеп оқушылары Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс 39-сессиясында құрмет көрсетілді.

Айта кету керек, Құрманғазы ауданы Еңбекшіл ауылының тұрғындары Ермахан мен Бейбарыс өткен жазда өзенге батып кете жаздаған әйелді құтқарып қалған.

Ештеңеден қорықпай, батылдық танытып, ерлік көрсеткен екі оқушыға «Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін» медалі табысталды.

Хабарламаларға жазылу