«Ақсауытта» - бейбіт күннің батырлары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақсауытта» - бейбіт күннің батырлары

03.05.2015
«Ақсауытта» - бейбіт күннің батырлары

Қайсарлық, ерлік көрсету әркімнің қолынан келе бермесі анық. Алайда,  бейбіт күнде кеудесін оққа төсеп, адамдарды ажал аузынан құтқарған, тіпті құрбан болған жандар бар арамызда.

Аяқасты болатын келеңсіз оқиғалар көбіне қарулы қылмыскерлерді ұстау немесе шекара шебінде кездеседі. Дәл осындай жағдайлардан жазықсыз жандарды зұлымдықтан арашалап  қалған жауынгерлер де аз емес.

Олар қандықол қарақшы немесе қанқұйлы қылмыскермен бетпе-бет келетін кездегі жауапкершілікті жақсы сезінеді.

Отан қорғаушылар мерекесіне орай «Ақсауыт» хабары бейбіт күннің батырларын, олардың көзсіз ерліктерін насихаттайды. Бүгін 08:30-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу