Бейбіт күннің қаһармандары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт күннің қаһармандары

07.05.2015
Бейбіт күннің қаһармандары

Бейбіт күнде ерлік жасап, елдің атын шығарған айтулы тұлғаларды түгендеп көрелік.

«Менің ұшқыш болғым келеді», деп Дінмұхамед Қонаевқа хат жазған бала кейін ғарышкер атанды. Қиыр Шығыста жүргенде ұшқыш болуға қанша талпынғанымен, командирлері көнбепті. Араға батыр ағасы Талғат Бигелдинов түсіп, Тоқтар Әубәкіровтің арманына қанат бітірді.

Тоқтар Оңғарбайұлының  ерекше ерлік көрсеткен кезі 1988 жыл болатын. Ол Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде жүріп, ұшаққа екі рет жанармай құю арқылы Солтүстік Полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.

1989 жылы Тоқтар Әубәкіров бірінші болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29 К» реактивті ұшағын асқан шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан сәтті өткізген.  Ал, 1990 жылы оны ғарышкерлер құрамына алды. 1991 жылдың 2 сәуірінде қазақ баласы ғарыш кемесіне отырды.

Ал, Талғат Мұсабаев Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері болып, тарихта қалды. Ең алғашқы ғарыш сапары 1994 жылы басталды. «Союз ТМ-19» кемесімен әуеде 126 күн болды.  Талғат Амангелдіұлы екінші рет 1998 жылы көкке көтерілді. Ғарышта өткізген 208 күннің ішінде 5 рет ашық ғарышқа шыққаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді.

«Мен Отанымды қорғаймын, генерал боламын»,-деген қиялдың жетегіне ерген бала Бақытжан 1985 жылы Мәскеу әскери академиясын бітіріп шығады. 1973-1980 жылдары Орталық Азия әскери округінде взвод, рота командирі, Түркістан әскери округінде батальон штабының бастығы, Кеңес әскерлерінің Ауғанстандағы шектеулі контенгентінде батальон командирі міндеттерін атқарды.

Ауған соғысындағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Үздік жауынгерлік қызметі үшін» және т.б. медальдармен марапатталған. Генерал-лейтенантқа Елбасы Халық қаһарманы атағын берді.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу