Тұрсын Жұртбай – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін нығайтуда, тарихы мен мәдениетінің тарихын түбірлі зерттеуде алдыңғы қатарда жүрген қоғамдық ғылым саласындағы ғалымдардың бірі. Ол 30-дан аса кітап пен ғылыми монография, сондай-ақ, 700-ден аса ғылыми мақала мен басылымның авторы.
Тұрсын Жұртбайдың өмірлік-шығармашылық мақсатына айналған үлкен тақырып абайтану мен әуезовтану. Бұл бағытта ол «Бесігіңді түзе!..», «Бесігіңді ая!», «Бесігіңді аяла!..», «Бесігіңді ұмытпа!..», «Абай және рухани тәуелсіздік мәселесі» атты еңбектер жазды.
Сонымен қатар жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірі, Алаштану саласында ғылыми зерттеу жүргізді.
Жазушының шығармашылық жолы ақындықтан басталған. «Қоңыр қаз», «Жүрегімде - жұмыр жер» атты кітаптары кезінде әдеби сыннан жақсы бағасын алған. Жазушының «Замандасым, сырласым», «Бесқарагер», «Дара тұлға», «Жер бесік», «Болашақтың бәйтерегі», «Бейуақ», «Дулыға», «Кетбұға», «Талқы», М.Әуезов, «Күйесің жүрек...сүйесің», «Құнанбай», «Сүре сөз» , «Ұраным -Алаш!», «Қар астындағы көбелек», «Бір уыс жусан», «Жансар», «Мәңгілік аңсар» тағы басқа кітаптары бар.
Бүгін 09:00-де «Сенбілік таң» бағдарламасы жазушының отбасымен сұхбат құрады.