29 сәуірде Қаллеки театры «Майдан әндері» атты моноспектакль ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

29 сәуірде Қаллеки театры «Майдан әндері» атты моноспектакль ұсынады

20.04.2015
29 сәуірде Қаллеки театры «Майдан әндері» атты моноспектакль ұсынады

Моноспектакльдің бас кейіпкері – Садыр Байбарысов соғыстан аман келген солдат. Қойылымда оның соғыстан оралған кездегі бейнесі суреттеледі.

Садыр әрқашан майданда салған әндерін еске алып, көкейіндегі сағынышын сонымен басады. Түсінде ылғи майдан, ұрыс, Днепрде өткен соңғы түндерін, жаралы мергеннің орыс қызын арқалап келе жатқанда украин партизандарына тап болғанын көреді. Соғыс аяқталса да, Садырдың көз алдынан сол бір сұрапыл кездер кетер емес. Осылайша моноспектакльде Садыр Байбарысовтың образы жан-жақты көрсетіледі.

Моноспектакльдегі басты рөлді Қазақстанның Халық әртісі, актер Тілектес Мейрамов сомдайды. «Майдан әндері» қойылымының режиссері – Ұлпан Серікболқызы, ал шығарма авторы – Р.Сейсенбаев.

Жеңістің 70 жылдығына арналған қойылым Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында 29 сәуірде сағат 18:30-да өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу