Астанада Қанат Жүнісовтің шығармашылық апталығы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қанат Жүнісовтің шығармашылық апталығы өтеді

15.09.2014
Астанада Қанат Жүнісовтің шығармашылық апталығы өтеді

22-28 қыркүйек аралығында Астанада «Жас қала, жас қаламгер» атты әнші, актер, ақын, драматург Қанат Жүнісовтің шығармашылық апталығы өтеді.

Шара Астана қаласы Мәдениет басқармасының тікелей қолдауымен өткізілмек. Кеште  дәстүрлі ән, түрлі қойылымдар мен эстрадалық концерт те болады.

Нақтырақ айтқанда, 22 қыркүйек күні «Өнерге тағзым» атты дәстүрлі ән және поэзия кеші өтсе, 23 қыркүйек күні Қаллеки театрының ұжымы драматург Қанат Жүнісовтің «Махаббат мелодрамасын» ұсынбақ.

24 қыркүйекте Түркістан қалалық сазды драма театры «Ғашықтар хикаясы» комедиясын қояды. 25 қыркүйекте «Алғашқы махаббат» комедиясын Астана қалалық Жастар театры ұжымының қойылымында көруге мүмкіндік бар.

26 қыркүйек күні «Әншінің пірі Әміре» атты моноспектакль қойылса, 27 қыркүйекте «Сәкен сұңқар» трагедиялық драмасын Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ұсынады.

Ал 28 қыркүйек күні «Сырлы саз» Қанат Жүнісовтің сөзіне жазылған эстрадалық әндерден концерт ұсынылады.

Фото: Қалибек Қуанышбаев театрының Фейсбуктегі парақшасынан алынды.

Хабарламаларға жазылу