Қаллеки театры «Ана жүрегі» атты моноспектаклінің премьерасын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаллеки театры «Ана жүрегі» атты моноспектаклінің премьерасын ұсынады

05.02.2016
Қаллеки театры «Ана жүрегі» атты моноспектаклінің премьерасын ұсынады

15 ақпан кешкі сағат 18:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында актриса Бақыт Жұмағұлованың сомдауында «Ана жүрегі» атты моноспектакльдің премьерасы өтеді.

Шығарма жазушы Ш.Айтматовтың «Құс жолы» повесті негізінде «Ана жүрегі» атауымен жарық көрді.

Қиын қыстау кездегі Ананың туған жеріне, халқына, ең бастысы жары мен балаларына деген махаббатын, батылдығын, шыдамдылығын қойылым негізіне арқау еткен.

Шығарманы қазақ тіліне аударған – Ш.Мұртаза. Спектакльдің режиссері – ҚР Халық әртісі Тілектес Мейрамов.

Хабарламаларға жазылу