«Қаллеки» театры атты жинақ жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театры атты жинақ жарық көрді

04.04.2015
«Қаллеки» театры атты жинақ жарық көрді

Жуырда «Қаллеки» театры атты жинақ жарық көрді. Бұл – тәжірибелі сахна сарапшысы, зерттеуші, ұлағатты ұстаз, өнертану профессоры Әшірбек Төребайұлы Сығайдың шығармашылық ықпалымен жарық көрген дүние. 

Кітапта Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының алғаш құрылғанынан бүгінгі күнге дейінгі тарихы, шығармашылық ұжымның еңбек жолы, танымал тұлғалары туралы танымал  театр сыншысының толғам-тұжырымдары жинақталған.

Аталған жинақ кәсіби театр өнерінің даму жолына қызығушылық танытқан озық ойлы оқырмандар мен сахна мехнатын жаны сүйген зерделі жас қауымға ой салар деген мақсатта жарық көрді.

Жобаның жетекшісі және жарық көруіне қолдау көрсеткендер – Сұлтан Срайлов және Болат Ұзақов.

Хабарламаларға жазылу