«Қаллеки» театры кезекті фестивальге қатысады

24.10.2014
«Қаллеки» театры кезекті фестивальге қатысады

25-31 қазан  аралығында  Ақтау  қаласында  Орталық Азия мемлекеттерінің V  Халықаралық  театр фестивалі  өтеді. «Қаллеки»  театры  29 қазан  күні  Ж.Ануйдың «Жалын  жұтқан  Жанна Д'Арк» атты драмасын ұсынады.

Жанна Д'Арк бейнесін театр актрисасы Айнұр Бермұхамбетова сомдайды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды.

Фестивальге Қазақстаннан сондай-ақ, Н.Жантөрин  атындағы  Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театры (Ақтау), Жастар театры (Астана),  Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ  ұлттық өнер академиясы (Алматы) қатысады.

Тәжікстаннан А.Мухаммаджанов атындағы Хатлон облыстық музыкалық комедия театры, Өзбекстаннан Мулла Туйчи Ташмухамедов атындағы Қашқадария облыстық музыкалық драма театры, Қырғыз Республикасынан Шаршен Термечиков атындағы Шу облыстық театры, Ресейден Астрахань драма театры, Башқұртстаннан М.Ғафури атындағы Башқұрт Мемлекеттік академиялық драма театрлары бақ сынамақ.

Басталуы сағат 18.00.

Хабарламаларға жазылу